Қалада күн жаңбырлы болғанына қарамастан, сенбілік жұмыстарына 550-ден астам адам қатысты.
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде қоғамдық аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды, өзен-көл жағалаулары мен іргелес аумақтар ретке келтірілді. Жалпы 250 текше метр қоқыс шығарылды.
Алатау ауданы әкімдігінің көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр Қаршыбеков мұндай іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілетінін айтты.
«Қаланы тазарту және көркейту жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, алматылықтар жоғары белсенділік танытып, акцияны қолдады», деді Д.Қаршыбеков.