Өнер • Бүгін, 11:40

Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Silk Way Star конкурсының жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылар алқасының шешімі, 50% – көрерменнің онлайн-дауыс беруі. Дауыс беру жүйесі барынша ашықтық пен барлық қатысушыларға әділдікті қамтамасыз ету мақсатында «Евровидение» сияқты халықаралық байқаулар үлгісінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды

Көрермендер финал тікелей эфирде көрсетілген кезде жобаның ресми сайтында – silkwaystar.org дауыс бере алады. Трансляция 22 қараша күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында өтеді.

Дауыс беру тәртібі:

1-қадам. Байқау қатысушысына дауыс беру үшін шоу барысында экранда көрсетілетін QR-кодты смартфон арқылы сканерлеу қажет. QR-код сізді ресми дауыс беру сайтына бағыттайды.

2-қадам. Сайтқа өткеннен кейін финалист елдердің жалаулары көрсетіледі. Сіз ұнаған қатысушыны таңдап, оған 0-ден 12-ге дейін баға қоя аласыз. Әр көрермен финалистердің барлығын бағалай алады, бірақ өз елінің өкіліне дауыс беруге құқығы жоқ.

Маңызды! Көрермен өз елінің атынан өнер көрсететін қатысушыға дауыс бере алмайды. Бұл ереже әділ, бейтарап және объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Назар аударыңыз! Дауыс беру тек тікелей эфир уақытында ашық болады. Оның басталуы мен аяқталуы туралы жүргізушілер хабарлайды.

Silk Way Star байқауының гранд-финалына өткендер:

  • ALEM (Қазақстан);

  • Язмин Азиз (Малайзия);

  • Автандил Абесламидзе (Грузия);

  • Мишель Джозеф (Моңғолия);

  • Чжан Хэ Сюань (Қытай);

  • Саро Геворгян (Армения);

  • Мадинабону Адылова (Өзбекстан).

Silk Way Star жобасы Президенттің Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.