Тағайындау • Бүгін, 19:55

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Әлия Шайзадақызы Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Әлия Рүстемова 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында терапевт-дәрігер болып бастаған. Алматыдағы №7 емханада, №5 қалалық клиникалық ауруханада терапевт болып жұмыс істеген, сондай-ақ қаладағы медициналық ғылыми ұйымдарда ординатура мен аспирантурадан өткен.

2000 жылдан бастап Талғардағы медициналық мекемелерде бас дәрігердің орынбасары, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің Алматы облысындағы аумақтық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Кейін Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерді төлеу комитеті департаментінің директоры, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры, Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, ғылыми хатшы қызметтерін атқарған.

2015-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулықты қорғау саласындағы департаменттердің басшысы, басшысының орынбасары, Астанадағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ елорда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.

2023 жылдың қыркүйегінен бері Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.