Тағайындау • Бүгін, 11:03

Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады

Жақып Асанов 2016-2017 жылдары Бас Прокурор, 2017-2022 жылдары Жоғарғы Сот Төрағасы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату

Сонымен қатар, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына Сенат депутаты Жанна Асанова енді. Ол Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар