Спорт • Бүгін, 18:57

Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 жастағы Қазақстан U-21 жастар құрамасының бұрынғы капитаны Геворг Наджарян футболшы ретіндегі карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады

«Мүмкін футболға демеуші ретінде қайта ораламын. Өмірлік жағдайлар ойыншы ретіндегі карьерамды аяқтауға мәжбүр етті», – деп жазды Наджарянның сөзін Legalbet басылымы.

2024 жылдың қараша айында «Атырау» сапында жүріп, «Қайратпен» өткен матчта Наджарян тізесін жарақаттап алған. Жаздағы қалпына келтіру кезеңінен кейін ол бизнеске көңіл бөлу үшін үзіліс жасау туралы шешім қабылдаған.

27 жастағы Наджарян – қарағандылық «Шахтер» клубының түлегі. Ол «Астана», «Атырау», сондай-ақ Арменияның «Ван» және «Пюник» командаларында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 132 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

2019 жылы Наджарян Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылып, оның сапында бір матчқа шыққан. Transfermarkt порталы ойыншының қазіргі бағасын 100 мың еуро көлемінде көрсетіп отыр.