Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 77 мәрте шеберлік байқасты. Оның 26-сы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Авангард» 37 ұпаймен 7-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 27 қарашада Ресейде «Салават Юлаевпен» кездессе, одан кейін 29 қарашада «Металлург» (Магнитогорск), 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.