Аймақтар • Бүгін, 17:32

Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді

Бүгінде аталған өңірде алты соғыс ардагері бар. Олардың бесеуі – Қарағанды қаласында, біреуі – Осакаров ауданында тұрады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылған.

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құраған. Облыста осы санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалған.

Сондай-ақ концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам), қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне – 50 мың теңгеден (89 адам) үлестірілген.

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Бұдан бөлек, ардагерлер үшін шипажай-курорттық ем алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Соңғы жаңалықтар