Жаңа әуе техникасының Шымкентке жеткізілуі – маңызды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандар шоғырланған ірі стратегиялық орталық үшін ерекше маңызға ие.
"Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Алпамыс Камалов авиациялық парктің жаңартылуы құтқару бөлімшелерінің мүмкіндіктерін арттыруға, әрекет ету уақытын қысқартуға және оңтүстік өңірдің жедел қызметтерінің мобильдігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
– Жаңа L-410 ұшағы 19 жолаушы немесе 1800 келіге дейін жүк тасымалдауға қабілетті. Ол дайындалмаған алаңдарға қона алады. – 50-ден +50 °C-қа дейінгі кең температуралық диапазонда жұмыс істейді. Бұл сипаттамалар оны қиын қолжетімді аймақтарда және қатал климат жағдайында пайдалануға тиімді етеді. Ұшақ санитарлық авиация міндеттерін орындау үшін де қолданылуы мүмкін. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жабдық орнатылған. Қажет болған жағдайда әуе кемесін қосымша медициналық техникамен жабдықтауға болады, – делінген ақпаратта.