Фото: Pixabay
Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, белсенді аймақтың әсері Жерге екі күннен кейін сезілуі мүмкін. Егер Күндегі белсенділік сақталса, бұл геомагниттік жағдайға ықпал ететін жаңа өзгерістерге әкелуі ықтимал.
Бақылау деректеріне сәйкес, 10 мамыр күні Күнде C класына жататын 11 әлсіз жарылыс тіркелген. Бұған дейін 7 мамырда M класына жататын ірі жарылыс болған, бұл Күн белсенділігінің әлі де жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін
Мамандар жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр және алдағы күндері Күн белсенділігінің өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Күндегі жарылыстар рентген сәулесінің қарқындылығына қарай A, B, C, M және X кластарына бөлінеді. Мұндай құбылыстар Жерде магниттік дауыл тудырып, энергетикалық жүйелердің жұмысына, жануарлар миграциясына әсер етуі және полярлық шұғыла аймағын кеңейтуі мүмкін.