Аймақтар • Бүгін, 14:43

Атырау облысының ауылында тышқандар көбейіп, мектептер мен балабақшалар жабылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қарашадан бастап Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында екі мектеп пен екі балабақша уақытша жұмысын тоқтаттыдеп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының ауылында тышқандар көбейіп, мектептер мен балабақшалар жабылды

Білім беру басқармасының мәліметінше, онлайн-оқыту форматына көшу эпидемиологиялық қауіптің алдын алу мақсатында қабылданған. Ауылда тышқан санының күрт артқаны анықталып, білім беру мекемелерінде жаппай дезинфекция жүргізіле бастаған.

Қашықтан оқуға Байтұрсынұлы атындағы мектептің 573 оқушысы мен Талдықөл мектебінің 261 оқушысы көшірілді. Сонымен қатар "Балдырған" және "Балақай" балабақшаларының жұмысы да уақытша тоқтатылды. Бұл мекемелерде толық санитарлық өңдеу жүргізіліп жатыр. 

Ведомствоның мәліметінше, арнайы қызметтер дезинфекция жұмыстарын бастап кеткен.

Қауіп толық жойылғаннан кейін мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмыс тәртібіне қайта оралады. Білім басқармасы жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40