Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, Мемлекет басшысы одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар көлік-логистика саласына баса назар аударды. Жиында Президент еліміздің халықаралық аренадағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде Транскаспий дәлізін дамытудың және транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет

Сурет: kisi.kz

Былтыр елімізде жүк тасы­мал­дау көлемі 10%-ға артып, Үкі­мет­­тің есебіне сәйкес, бұл шамамен 1 млрд тоннаны құ­ра­ған. Әсіресе Транскаспий бағы­тын­дағы контейнерлік тасымалдау секторы 2,7 есеге өскен. Демек жаһандық логистикалық тізбектердің негізіне айналып отырған көлік артериялары сер­пінді даму үстінде.

Жақында ғана Қашаған кен орнынан Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағыты бойынша алғашқы мұнай партиясы жө­нел­тілді. Бұл энер­гетикалық ба­ғыт­­тарды әртараптандырудағы маңызды қа­дам болды. Жоба Транс­каспий бағы­тының әлеуетін нығайтуға және жа­һан­­дық логис­тикалық же­лі­нің негізгі элементі ретінде ай­мақтың маңыздылығын арт­ты­ру­ға кө­мек­теседі.

пр

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Дүниежүзілік банктің болжамына сүйенсек, 2030 жылға қарай орта дәліз негі­зінде Каспий теңізі арқылы тасымалдау көлемі үш есе артып, 11 млн тоннаны құрайды. Оның 4 млн тоннаға жуығы контейнерлерде тасымалданады. Транзиттік жүктердің не­гізгі бөлігі Еуропа мен Қазақстан ара­сындағы, сондай-ақ Еуропа мен Қытай арасындағы сауданың бір бөлігі ретінде осы бағыт арқылы өтеді.

Мұндай өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін көлік инфра­құ­ры­лымын жетілдіруді жал­ғастыру қажет. Logistics Performance Index (LPI) рейтингінің «көлік инфра­құрылымы» қосалқы индек­сінде Қазақстан 2018 жылғы баға­лаумен салыстырғанда пози­ция­сын жақсартқан. Яғни 138 елдің арасында 80-орынға ие болды (2018 жылы 81-орын). Дегенмен позицияларды одан әрі ны­ғайту және жүк тасымалы көлемінің өсуін ынталандыру үшін айтарлықтай күрделі салым қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) болжамдарына сәйкес, Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын айтар­­лық­тай жақсартуға қа­жетті инвестицияның жалпы кө­ле­мі еліміз үшін 5,5 млрд еуроны және жал­пы аймақ үшін 18,5 млрд еуроны құрай­ды.

Көлік-логистикалық ин­фра­­құры­лымын одан әрі дамыту елі­­міздің жаһандық нарықтағы бәсе­кеге қабілет­тілігін нығайтуда және оның әлемдік экономикалық үде­ріс­терде интеграциясын арттыруда маңызды саналады.

 

Ерлан ЖАҚЫПОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы