
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Жемқорлықты азайту – мемлекеттік органның басым бағыттарының бірі. Бүгінгі жұмысымыз алдыңғы кезекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын іске асыру шараларына және Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтауға негізделіп отыр.
Елордалық Қазынашылық департаментінің қызметкерлеріне Астана қаласының аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік сатып алу субъектілерінің қазынашылық сүйемелдеу, қаржылық және қаржылық емес операторларын қолдауда, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тиімді бақылауда бюджеттің барлық баптарын мүлтіксіз орындау міндеттелген. Бұл орайда үнемдеу және қатаң қаржылық тәртіп шеңберінде үлкен жауапкершілік жүктелгенін ерекше айтып өткен жөн.
Сонымен қатар тәжірибелі қызметкерлер, қаржыгерлер мен экономистердің салалық құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жедел орындай отырып, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге айрықша көңіл бөлінген. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қазынашылық тетік арқылы қадағалаудың маңызы зор. Себебі осы арқылы түсімдер туралы күнделікті ақпаратқа дереу қол жеткізуге болады. Әрі осы табыстардың түрлері, сондай-ақ барлық саладағы республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын бюджеттік заңнаманың баптарына сәйкестігін қатаң тәртіпте қарастыруға мүмкіндік бар.
Қазір осы бағыттағы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуынан бастап бірыңғай нормативтік құқықтық қормен қамтылған және бюджет түсімдерін қайта бөлудегі негізгі қағидаттарды бақылауда Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері өте маңызды рөл атқарып отыр. Айталық, осы жұмыстарды іске асыруда дербестік, тұтастық, толықтық, шынайылық, транспаренттілік және жауапкершілікті сақтауды қамтамасыз ететін, мемлекеттің қаржылық мүдделерін қатаң қорғайтын, бюджет қаражатын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудағы жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ.
Дегенмен бюджет қаражатын уақтылы, сапалы және толық игеруге мүмкіндік беретін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысы қызметкерлердің құзыреттігі мен жылдамдығына ғана емес, мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік сатып алу субъектілеріндегі есеп қызметкерлерінің құзыреті мен жылдамдығына да көп нәрсе байланысты екенін ұмытпаған дұрыс. Әдетте кейбір жағдайларда білімді, сауатты мамандар нормативтік құжаттарды білмеуінен немесе нашар меңгеруінен, құжаттарды ресімдеу кезінде бос қалдықтарға жеткілікті бақылау жүргізбейді. Ұсынылатын құжаттарды ұқыпсыз ресімдегендіктен, құжаттарды дұрыстап пысықтауға, кері қайтаруларға әкеп соғатын жағдайлар жиі анықталып жатады. Осыған байланысты Қазынашылық департаменті тоқсан сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелермен бюджет заңнамасындағы жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинарларды өткізеді.
Осы күні департаментте «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 322 мемлекеттік мекемеге, 89 квазимемлекеттік сектор субъектісіне, 194 мемлекеттік сатып алу субъектілеріне қызмет көрсетіледі. Қазынашылық органдары жұмысының сапалы және уақтылы нәтижесі осы жүйені енгізу арқылы жүзеге асып жатыр. Мысалы, бұл жүйе қазынашылық қызметкерлерінің клиенттермен байланысын азайтып, тіпті қарым-қатынасты алып тастауға септігін тигізе алады. Демек бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуда тиімді қызметін атқарып жатыр. Сондай-ақ «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бюджет қаражатын аударуды дер кезінде белгілеп, мақсатты жұмсалуын қадағалайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында департамент қызметкерлері Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін және мінез-құлық нормалары, басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілерді ұдайы басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында қылмыстың алдын алу мен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысты дамыту үшін Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл іс-шараларының жоспары бекітілген. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған жұмыс кешені жүзеге асырылып жатыр. Қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін мүлтіксіз сақтауда жүйелі түрде техникалық оқулар, кездесу-семинарлары өткізіледі. Департамент осы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мен алдын алу жұмыстарын іске асырады. Қосымша мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде қызметкерлер дер кезінде хабардар етіліп отырғанын да айта кеткен абзал.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасының былтырғы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес, ішкі талдау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында департамент қызметкерлері Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін және мінез-құлық нормалары мен басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Биылғы қаржы жылының аяқталуы мен алдағы 2025–2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру жұмысы қарсаңында мемлекеттік бюджетті атқару үдерісінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және бұзушылық мүмкіндіктерін болдырмау үшін барлық шығысқа мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылып отыр.
Осы орайда мемлекеттік бюджетті пайдаланудағы сапаны жақсарту – маңызды іс. Бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әдеп мәселелерін назарда ұстауға ден қойылған. Астана қалалық Қазынашылық департаменті биыл тиісті мекемелермен бірге осы тақырыпта бірлескен семинар-кеңес өткізді. Сонымен қатар департамент жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізіндегі негізгі үлгілік бағытты іске асыруға арналған семинар ұйымдастырды. Қызметкерлер арасындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізудің тиімділігі бар. Осы арқылы мемлекеттік қызметке деген адамдардың сенімін оятып, қоғам болып қылмысқа қылбұрау барын түсінуге ықпал етері анық.
Гүлжан ӨНЕРБЕКОВА,
Астана қалалық Қазынашылық департаментінің басшысы