
Белгілі болғандай, наурыз айының басынан бастап Түркияда коронавирус пандемиясына орай қалалар арасында байланыс үзіліп, шектеулі төтенше жағдай қалыптасқан болатын. Осы ретте, Елшілік әрбір студенттің саяхат рұқсаты, оларды алып жүретін көлік рұқсаттары, медициналық тексеру сияқты рәсімдерді ТР құзыретті мемлекеттік органдарымен тығыз және жедел шешуге күш салды.
Сонымен қатар, бұдан бұрын Ыстанбұлдағы халықаралық әуежай арқылы әуеқатынастарға шектеу қойылғалы елімізге 1500-ден астам ҚР азаматы, соның ішінде, қазақстандық студенттер және басқа елден транзит арқылы өткен туристер қайтарылған болатын.
Түркия аумағындағы қалуға бел буған еліміздің азаматтары Қазақстан Елшілігінің ерекше назарында және олармен тұрақты байланыста орнатылған.