
Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, бортты арнайы костюм киген санитарлық эпидемиология қызметінің өкілдері күтіп алды, әрқайсысының температурасын өлшеп, коронавирус белгілері бар-жоғын тексерді. Келген азаматтар жеке мәліметтері толық көрсетілген сауалнама толтырды. Жолаушылардың барлығы оқшаулау орнына жеткізілді. Ұшып келген азаматтардың әрқайсысынан қажетті талдау алынды, оның нәтижесі бір тәуліктен соң белгілі болады.