
Әңгіме барысында мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанын айта келе, мәжіліс депутаттары 2020 жылдың қаңтарынан бастап жалақыны кезең-кезеңімен 25% дейін арттыру, олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге материалдық ынталандыруларға, сондай-ақ педагогтардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік шараларына баса назар аударды.