
Аталған додада ел намысын 10 дзюдошы қорғайды.
Ерлер: Рустам Ибраев (-60 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Жанболат Багтбергенов (-73 кг), Руслан Мусаев (-81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Зарина Райфова (-78 кг).
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанған спортшыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылса, екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.