
«Өздеріңіз білетіндей, қарашаның 9-нан 10-на қараған күні елорданың сол жағалауында апат болып, бірқатар мемлекеттік нысандарда, тұрғын үйлерде жарық сөніп қалған болатын. ТЖК мен қала әкімдігінің жедел шаралары барысында ақаулар жойылды. Апат жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жедел тергеу тобы қолына алды. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.