Қазақстан • 11 Қараша, 2019

Киік мүйізін алып өтпек болған азамат ұсталды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 10 қарашада Орал шекара жасағының «Сырым автомобильдік» шекаралық бақылау  пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша Қазақстаннан Ресейге «Крайслер» автомашинасымен кетіп бара жатқан қазақстандық азамат ұсталды. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Киік мүйізін алып өтпек болған азамат ұсталды

«Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг жаңа кесілген 348 дана киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгені құрайды. Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025