
Генаның келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы) Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс. Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған Әлем чемпионы белбеуі де берілді.