Президент • 05 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

– «Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше