Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019

Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Seedspace Nur-Sultan» инновациялық алаңында  «Акселератор Нұр-Сұлтан» ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

Бұл – әкімдіктің қала тұрғындарымен жұмысын айқын көрсететін,  елорданың белсенді тұрғындарын, бақыланатын құрылымдарды,  жекеменшік компанияларды қаланың тіршілігін қамтамасыз ету  мәселелерін шешуде біріктіретін ортақ алаң.

Акселератордың назарында астананың әрбір тұрғынын  мазалайтын 3 маңызды мәселе тұр. Бұл – қоғамдық көлік, ПИК  қызметі және елорданы санитарлық тазалау.

Бағыттардың әрқайсысы бойынша қаланың ағымдағы  жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірегей шешімдерді әзірлеу  және енгізу, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға 100 күнде қол жеткізу күтіледі.

Қала әкім орынбасары Малика Бектұрова айтып өткендей, бұл  бастаманың негізгі міндеті – қалалық қауымдастықтың идеялары мен  ұсыныстарын, түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу.

«Біз қалалық акселераторлардың халықаралық  тәжірибесін қолданамыз, оған айқын мысалдың бірі – Дубай қаласы. Бізде сынақ режимінде әкімдіктің өкілдері,  белсенді қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан құрылған штаб жұмыс істейді, ол акселератордың бүкіл жұмысын жүйелендіреді және байланыстырады», - деді Малика  Бектұрова.

Акселератордың жұмыс нәтижелері арнайы www.nursultansmartaccelerator.com сайтында және Smart Astana мобильдік қолданбасында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03