
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы блокқа ерекше назар аударылатын болады... Сыбайлас жемқорлық қылмысы болған ведомствоның бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік регламенттеген жөн... Ең басты міндеттердің бірі - полиция реформасы. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл жұмысқа 173 млрд теңге бөлінеді»,- деді Мемлекет басшысы.