# Жансарай

Жансарай • 07 Мамыр, 2025

Доснама

Шағын мақаламызда «Шахнамада» айтылатын патшалар дәуірін дәріптемейміз, «Махаббатнамада» суреттелетін маздаған жүректердің жалынына да жылынбаймыз. «Доснамада» адал достық туралы әңгіме қозғаймыз.

Жансарай • 06 Мамыр, 2025

Суреті мен сөзі үйлескен санаткер

Жеңіс Кәкенұлымен Абай атындағы ҚазПИ-дің сурет-графика факультетінде оқи­тын Бозжан, Жарқынбек деген сыныптас достарым арқылы 80-жыл­дар­дың ортасында таныстым. Байқаймын, «худграф» студентінің оқымаған кіта­бы жоқ. Бір кезде сол жылдары жаңадан жарық көрген Шыңғыс Айт­ма­товтың «Жанпида» романы туралы әңгімені бастап кеп кетті. Бұл роман туралы естігенмен әлі оқып үлгермеп едім. Кітапты оқымаған соң, Же­ңіс­ті тың­да­дым. ҚазМУ-ға келе салысымен филфакта бірге оқитын қыз-жігіт­тер­ден сұрап көрсем, әлі ешқайсысы «Жанпиданы» оқи қоймапты. Артынша кітап­ты тауып, кезектесіп оқып шықтық қой. Соған себеп болған Жеңіс еді.

Жансарай • 30 Сәуір, 2025

Бесаспап журналист

Ғалым Сүлеймен – Сейдахмет Бердіқұл негізін қалаған қазақ спорт журна­лис­тикасының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның спорт тақы­рыбына қалам тартқанына отыз жылдан аса уа­қыт өтті. Спорт журналистикасы – әу бастан Ғалымның пе­ше­­несіне жазылған сорап. Ұлт дарабоздарына деген қылаусыз кө­ңі­­лі, елім дегенде ештеңеге айырбастамайтын шұғылалы пейілі оны спорт журналистикасының асқаралы биігіне бастады.

Жансарай • 25 Сәуір, 2025

Қаратаудан қанат қаққан

Қойнауы қазыналы, тарихы шежірелі қарт Қаратаудай қасиетті мекеннен қанат қағып, қажырлы еңбегімен, қа­рымды күш-жігерімен ұлт шаңырағына уық болып қадалған қабырғалы ұл-қыздың қатары қалың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – солардың бірі де бірегейі.

Жансарай • 11 Сәуір, 2025

Қордан ОСПАНОВ: Математика барлық саланың дамуын жеделдетеді

Кейінгі жылдары елімізде ғылым саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Ғылыми зерттеуге бөлінген грант саны артып, қаржы көлемі өсті. Сондай-ақ ғалымдардың әлеуметтік жағдайын көтеруге де назар аударылды. Отандық ғылыми зерттеу орталықтарының инфрақұрылымын жаңарту қолға алынды. Жас ғалымдарға шетелдегі озық зерттеу орталықтарына барып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Алайда ғылым саласында қордаланып қалған проблема да аз емес. Оны бір күнде немесе бір жылда шешу қиын. Дегенмен бәрі ретімен өз орнына келеді деп сенеміз. Біз бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қордан Оспановпен ғылым мен оқытушылықты қатар ұштастырған өмір жолы жайында әңгімелестік.

Жансарай • 10 Сәуір, 2025

Жақсы ісі жалғасады

Ел құрметіне бөленген Атымтай жомарт кәсіпкер марқұм Данияр Молдиярұлы атындағы қор құрылып, жұмысын бастайды. Үлкен ұжымның басшысы, отбасының қамқоры болған Данияр Молдиярұлы Нұрбаевтың кіндік қаны Жетісу облысының Ақсу ауданында тамған. Десе де ол Жамбыл ауданында, ақындар мен батырлар елінде өмірдегі өз орнын тапқан абыройлы азамат еді. Сол жылдары ол азаматтық жақсы ниетімен соңына жақсы сөз, ізгілікті із қалдырды.

Жансарай • 02 Сәуір, 2025

Дегдар сөз иесі

Тамыры терең тарихымыздың арғы-бергісіне көз жүгіртсек, біздің рухымызды мызғытпай ұстап тұрған құдіретті сөз екен. Осы үш әріпке тұтас ғаламның сиқыры, жеті қат көк пен жұмыр жердің құбылыстары, ұшқан құс пен жүгірген аңның табиғаты сыйып-ақ тұр. Сыймай қайтсін, күллі жаратылыстың шуағын иіріп әкеп алдыңа жайып салатын да осы хикмет болса ше?

Жансарай • 01 Сәуір, 2025

Тамыры терең бәйтерек

Студент кезімде академик Сәбит Байзақұлынан дәріс тың­да­дым. Кейін ұзақ жылдар бойы бір кафедрада қатар қыз­мет істедім. Сонда мені зерделі ғалымның еңбекқорлығы қай­ран қалдыратын. Уақытты қатты бағалайды. Үнемі қолы­­нан қалам-қағазын түсірмей жұмыс істеп отырады. Шы­ным­ды айтсам, өз басым Сәбит ағадан көп тәлім-тәрбие алдым. Оның жетекшілігімен кан­ди­дат­­тық еңбегімді қорғадым. Сондай-ақ ғылыми жұмыс­тар­ды ұйым­­дас­тырудың қыр-сырын меңгердім. Кейін өзім де кафедра мен деканат басқарғанда ұстазымнан алған үлгі-өнегемді іске асыр­­­­­дым.

Жансарай • 28 Наурыз, 2025

Қайран қасиетті әжелер-ай...(Эссе)

Қазақ ортасында әжелер бесігі академиясының қасиеті ерекше еді-ау. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін де емес. Сол әжелердің қаттылау, бірақ жып-жылы алақандарының қызуы біздің ойдан да кетпес. Көзден де жоғалмас. Көңіліміз бен жанымызда ізі қалды ғой. Сол аялы алақан мейірімі бізбен бірге о дүниеге кете барар-ау. Алдыңғы ұрпақ та көшеді, кейінгі ұрпақ та, соларды қуалай көшіп кетіп жатады. Өткенді еске алып, әулетіміздің көне фотоальбомын немерелерімен қосылып ақтару әдетке айналғалы қашан. Бүгінде сол фотоальбомнан, әжемнің суретін көріп ойға баттым. Немерелер бір бөлек абыр-сабыр қозғалыста. Мен тіпті бөлек, телегей тарихқа теңселе түсіп жүре бергенімді аңғармай да қалдым.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Фото