Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы осы елдің Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігі.
"Қазақ халқының қырық ғасырлық тарихы бар"
Ұлттық музейдің Физикалық антропология лабораториясының меңгерушісі Оразақ Смағұловпен сұхбат.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Алматыға келіңіз, жаяу жүреміз!..
Қала әкімі жаяу жүргіншілерге арнап 16 жол сыйламақ ниет танытты
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Медиация сарапшысымен кездесті
Астанада Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы Алеш Залармен кездесті.
Медицина • 21 Маусым, 2017
Елдіктің ең басты қағидасы – тәртіп
Сонау 1992 жылы 23 маусымда «Ішкі істер органдары туралы» алғашқы Заң қабылданған болатын. Сондықтан бұл күн тәуелсіз еліміздің ішкі істер органдарының қалыптасқан күні болып саналады. Осы ширек ғасырда еліміздегі ең ірі құқық қорғау саласы бірнеше даму белесінен өтіп, Қазақстан полициясының жаңа келбетін қалыптастырды. Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет ҚАСЫМОВПЕН арнайы сұхбат құрған кезде оң өзгерістерге серпін берген реформалар мен ірі өзгерістер нәтижелері, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі хақында ауқымды әңгіме өрбіген еді.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Еңбеккерлер пойызы елордаға келді
ERG – Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындардың мыңдаған қызметкері корпоративтік оқытуға қатысып, Астана ЭКСПО-2017 көрмесін араламақ. «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның 500 қызметкері мінген алғашқы жолаушылар пойызы елорда вокзалына келіп жетті. Олар «Қазіргі жағдайда кәсіпорындарды орнықты дамыту жүйесі» тақырыбында дәріс тыңдап, белгілі бизнес-тренерлер – Надежда Зубова мен Ильдар Валиуллиндермен бірге Еуразиялық топ кәсіпорындары жұмысының соңғы жылдардағы нәтижелерін сараптайды. Сонымен қатар, туындаған қатерлер мен түйткілдерді талқылап, келешектегі дамыту бағыттарын сөз етеді. Интерактивті формада жүргізілетін шарада әр қатысушы Еуразиялық топтың келешегін айқындауға қатыса алады.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Мұнай саласындағы маңызды меморандум
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында, яғни елордадағы ЭКСПО қалашығында орналасқан Ресейдің павильонында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа аталмыш тараптардың басшылары Құрманғазы Есқазиев пен Виктор Мартынов қол қойды.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу провинциясының апталығы ашылды. Цзянсу провинциясы Қытайдың шығыс өңірінің орталығында орналасқан әсем де бай өңірлердің бірі. Мұнда 80 миллионнан астам адам тұрады.
Үкімет • 21 Маусым, 2017
Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімі берілді
Астана халықаралық әуежайы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды, деп хабарлайды egemen.kz.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Лапландиялық Санта-Клаус көрмеде жүр
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Финляндия Республикасының ұлттық күні болып өтті. Финляндияның тәуелсіздік алғанына 100 жыл толу мерейлі мерекесіне орайластыра өткізілген ұлттық мерекеге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы келген Финляндия президенті Саули Ниинистё қатысты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Оңтүстікте Елбасының «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында өткен жүздесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Мереке Құлкенов, Есенғали Раушанов, Аманхан Әлімұлы және Жүсіпбек Қорғасбек жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірлік пен келісімнің киелі бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына айналды. Татулықты ту еткен халқымызды бір шаңырақ астына біріктіріп, ортақ мақсаттарымызға жол бастады. Өз тарихында Ассамблея консультативті-кеңесші органнан құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. Ел Президентінің басшылығымен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, ел мүддесі үшін келелі шешімдер қабылдайтын «бірлік күшіне» айналды. Өзінің құрылған кезеңінен бастап, ел мұратына жетелейтін жалпыұлттық құжаттарды өмірге әкелетін «халықтық парламент» рөлін атқарып келеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Ертең Астанадағы ЭКСПО-2017-нің Конгресс-орталығында кезекті Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастайды
Үкімет • 21 Маусым, 2017
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасады
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар қаралды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Астаналық альпинистер Еуропаның ең биік шыңын бағындырды
Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының альпинистері әлемнің ең биік шыңдарының бірі – Эльбрусты бағындырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Оңтүстікте қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған кездесу өтті
Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Отырар» кітапханасында қоғамдық сананы жаңғыртуғаарналған жүздесу өтті.
Футбол • 20 Маусым, 2017
«Астана» Еуро-2016 қатысушысын қатарына қосты
Бүгін «Астана» футбол клубы Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерді жалға алғанын ресми түрде хабарлады.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Финляндия павильонын салуға 600 тонна қарағай жұмсалды
Финляндия – таза энергия елі. ЕХРО халықаралық көрмесіне Скандинавия түбегіндегі ел осындай ұранмен қатысып отыр. Бүгін Финляндия павильонының ашылу салтанатында баламалы энергетика саласындағы тың жаңалықтарымен қатар ұлттық дәстүр өнерін де паш етті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Әлем • 20 Маусым, 2017
Қазақстанның делегациясы ЕҚЫҰ Азия конференциясына қатысты
19-20 маусымда тікелей диалог, пікірталас және 57 ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер мен оның бес серіктес мемлекеттер арасында экономикалық қатынастар орнатуға арналған ерекше алаң болып есептелетін «Common Challenges and Common Opportunities» тақырыбындағы ЕҚЫҰ-ның жылдық Азия конференциясына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германияға жұмыс сапары өтті. Бұл туралы mfa.kz хабарлады.
Президент • 20 Маусым, 2017
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директорын қабылдады
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эванспен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.
Әлем • 20 Маусым, 2017
Шенген визасына өзгерістер енгізілді
ЕО ішкі істер кеңесі сейсенбі күні Шенген визасын қолдан жасауға жол бермеу мақсатында оның визалық жапсырмасының дизайнын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Парламент • 20 Маусым, 2017
Мемлекет білім беру жинақтау жүйесіне кепілдікті қамтамасыз етеді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Таразда Елбасы мақаласын түсіндіруге арналған жиын өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау және түсіндіру, сонымен бірге оны жүзеге асырудың тетіктерін қарау және қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
ОҚО-да бүгін 4278 түлек ҰБТ тапсырды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеутен Шымкент қаласы мен Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас, Бəйдібек, Қазығұрт аудандарының түлектері тапсырды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы хаттама қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атыраулықтар ағылшын тілін тегін үйренеді
Жаңа жобаны «Білім орда Болашақ» қоғамдық қоры «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының демеушілігімен қолға алған.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атырау жастары құран оқып жарысты
Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы «Құран жарыс» өткізді. Жас жамағаттар арасындағы бұл байқау биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 12-24 жас аралығындағы мешіт шәкірттері қатысты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атырауда балық аулау жарысы өтті
Атырауда әуесқой балық аулаушылар сынға түсті. Алғаш рет ұйымдастырылған қалалық жарысқа қатысу үшін Жайық өзенінің жағасына 73 балықшы жиналды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Н.Нығматулин мен Корея Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін атап өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Кимді қабылдады.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
ЭКСПО қонақтары оңтүстікке келеді
Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі кезінде Оңтүстік Қазақстан облысына үш ай ішінде жүз мыңнан астам туристер келеді деп болжануда.