Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы хаттама қаралды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы хаттама қаралды

Хаттамамен еліміздің Бейнеу станциясындағы теміржол өткізу бекетін Оазис станциясына ауыстыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, Қапланбек, Қазығұрт және Атамекен автомобиль өткізу бекеттеріне халықаралық (көпжақты) мәртебе беріліп, тәулік бойы жұмыс істейтін тәртіпке көшеді.

Одан басқа, тек жеңіл автокөліктерге арналған Целинный және Сырдария екіжақты (мемлекетаралық) өткізу бекеттері ашылады. Бұл бекеттерінден жүк пен коммерциялық мақсаттағы тауар өткізілмейді және кедендік рәсімдер аясындағы тауарға байланысты кедендік операциялар жүзеге асырылмайды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.