Таным • 30 Сәуір, 2024

Ғалам ғажаптары: 3D принтер

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

3D принтер 80 сағат ішінде бір үй салып бітіреді.

Ғалам ғажаптары: 3D принтер

Америкалық ғалымдар қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік беретін үш өлшемді принтер жасады. Бұл туралы Мэн университетінің сайтында хабарланған. Өнеркәсіптік принтер «Болашақ фабрикасы 1.0» деп аталды. Ол ұзындығы 30 метр, ені 10 метр және биіктігі 5,5 метрге дейінгі нысан басып шығара алады. Машинаның өнімділігі сағатына 227 килограмға дейін дайын материалды құрайды. Ғалымдар бірқабатты шағын үйді принтер шамамен 80 сағатта тұрғыза алатынын айтты. Принтер салатын үйлердің материалдары қайта өңдеуге жарамды. Ол табиғи материалдардан жасағанды құп көреді.

 

Волан-де-Морт

па

Ғалымдар бірегей тіршілік иесін тауып, оған ерекше атау берді.

Жәндіктің жаңа түрі Аустралияда, Пилбара аймағында табылды. Ғалымдар оны «Гарри Поттер» кейіпкерінің есімімен атады. Бұл тіршілік иесі – жер астында өмір сүретін құмырсқалардың жаңа түрі. Гарри Поттердегі сиқыршы Волан-де-Мортқа ұқсағаннан кейін соның есімімен аталды.

Ол Аустралияның солтүстік-баты­сын­дағы құрғақ Пилбара аймағында жер астында өмір сүретін жануарларды құжаттауға бағытталған экологиялық зерттеу кезінде табылды. Тереңдігі 25 метр болатын ұңғымада құмырсқалардың таңғаларлық жаңа түрінің тек екі үлгісі көрінген. Жәндіктердің жұмбақ түрінің сипаттамасын Марк Вонг пен Джейн Макрей жариялады. Еске сала кетейік, әлемде құмырсқалардың 14 мыңнан астам түрі бар, бірақ тек 60-қа жуығы жұмбақ «leptanilla» тұқымдасына жатады.

 

60 жылғы құпия

п

Норвегиялық азамат бала кезінде ежелгі қазыналарды тауып алып, 60 жыл бойы ешкімге айтпаған.

67 жастағы норвегиялық Ян Гуннар Фугельс­нес археологтерге 1964 жылдан бері сақ­таған және ешкімге көрсетпеген ежелгі артефактілерді тапсырды. Бұл туралы «Miami Herald» басылымы хабарлады. Бала кезінде Фугельснес пен оның ағасы қазына іздеп, ойнаған. Шіркеуге барып, ғимарат­тың астына кіріп, балшық астынан көне монеталарды, тоғыз инені, үш металл затты және моншақ тапқан. Оны ешкім­ге айтпаған, көрсетпеген, мән бермеген, тығып қойған. Ақырында шіркеудің жанын­да археологиялық қазба жұмыстары бастал­ған кезде ғана есіне түсірген. 60 жылдан кейін ғана заттарды мамандарға көрсетіп, бар­лық артефактілерді мұражайға зерттеу үшін жіберді. Балалар шіркеудің асты­нан қазған 14 монетаның күмістен жасал­ғаны анық­талды. Олардың көпшілігі XIV ғасыр­дың бірінші жартысына тиесілі. Ал инелер ­700 жыл бұрын жасалған боп шықты.