ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017

Мұнай саласындағы маңызды меморандум

126 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында, яғни елорда­дағы ЭКСПО қалашығында орналасқан Ресейдің павильонында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ универ­ситетінің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа аталмыш тараптардың басшылары Құрманғазы Есқазиев пен Виктор Мартынов қол қойды.

Мұнай саласындағы маңызды меморандум

Отандық «ҚазМұнайГаз» БӨ» ак­ционерлік қоғамы былтырғы жыл­дың қорытындысы бойынша мұ­най өндіру бойынша еліміздегі көш­басшы үштікке кіретін болса, Губ­кин атындағы университет – мұ­най саласы бойынша Ресейдегі маң­да­йа­л­ды жоғары оқу орны саналады. 
Тараптар геологиялық барлау және өндіру саласындағы жоба­лар­дың әлеуетін зерттеу үшін мемо­­рандумға қол қойып отыр. Атап айтқанда, Өзен және Қара­ман­­ды­бас кен орындарын дамыту тұ­жы­рым­дамасын іске асыру, атал­ған кен орын­дарына жақын аумақ­тағы 3D ЖТНӘ сейсмобарлау дерек­терін кешенді түсіндіру екі­жақ­ты ынтымақтастықпен жүзеге асырылады деп күтілмек. Сондай-ақ, екі тарап Федоров блогы мен Сол­түс­тік Карпов блогының шегінде геоло­гиялық барлау жұмыстарын одан әрі бағыттауды таңдау және Каспий маңы ойпатының солтүстік бор­тында мұнай мен газдың келе­шегін негіздеу мақсатымен кешенді геологиялық зерттеулер жүр­гізуді қолға алмақ. 
Меморандумда геологиялық барлау және көмірсутек өндіру саласындағы технологиялық ынты­мақ­тастықтың негізгі ықтимал бастама­ларын анықтау бойынша пункт­тер де бар. Осы мақсаттар үшін екі жақ та геологиялық және өнді­ріс­тік үдерістерді зерттеу­лер­дің нәтижелерімен алмасуға бағыт­тал­ған кеңестер жүргізуге ниетті.
1930 жылы академик И.М.Губ­киннің бастамасымен құрылған уни­верситет бүгінде бакалавриат, ма­гистратура және аспирантура бағ­дар­ла­малары бойынша оқытады. Дайын­дық курстары, докторантура және қо­сымша кәсіби білім берудің 250-ден астам бағдарламалары түзіл­ген. Университеттің ең маңыз­ды шет­елдік әріптестері арасында Авс­трия, Франция, Норвегия, АҚШ, Германия сынды елдер бар дей­тін болсақ, ендігі жерде меморандумның арқасында отан­дық мұнай сала­сының, яғни «ҚазМұнай ГАЗ «БӨ» АҚ мамандары осы университетте білімін жетілдіреді. Атап айтқанда, алдын ала сауалнама бойынша «Ембімұнайгаз» акцио­нер­лік қоғамы мен «Өзенмұнай­газ» акционерлік қоға­мының 115 қызметкері Ресей мем­лекеттік мұнай және газ универ­ситетінің гео­логия, геофизика, кен орындарын игеру, ұңғымаларды жер ас­ты жөндеу бағыттары бойынша оқы­тылатыны белгілі болды. Бұл оқы­ту бағдарламасы 2017-2018 жыл­дарға арналған. Ал қазіргі уа­қыт­та И.М.Губкин атындағы уни­вер­­ситетте «Ембімұнайгаз» АҚ пен «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың 5 қыз­мет­кері «Мұнай-газ ісі» бойын­ша магистратурада білім алуда. Қыз­мет­керлердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталған. 
 

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар