Қазақстан • 21 Маусым, 2017

Медиация сарапшысымен кездесті

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Жоғар­ғы Соттың мамандан­ды­рылған сот алқасы­ның төрайымы Айгүл Қыдыр­баева ABA ROLI ұйы­мы­ның медиация жөнін­дегі сарап­шысы Алеш Залармен кездесті.

Медиация сарапшысымен кездесті

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері, ABA ROLI-дің сот жүйесі бо­йынша бағдарламасының маман­дары мен Қазақстан Республи­ка­сы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысты. 
Кездесуге қатысушылар медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ, аталған институтты Қазақстандағы одан әрі дамыту бойынша сарапшылық ұсынымдарды талқылады.
Кездесуді аша келе, А.Қы­дырбаева медиация инс­титутының бүкіл әлемде жан-жақты дамып жатқанды­ғын атап өтті. «Статистикаға сүйенсек, республикадағы сот дауларын шешуде медиацияны қолдану үлесі артып келеді, алайда біздің көрсеткіштер өзге елдердің тәжірибесімен салыстырғанда жеткіліксіз», деді ол.
А.Қыдырбаева Жоғар­ғы Соттың медиация инсти­тутының республика көле­мін­де барынша кеңінен та­ра­туға мүдделілік танытып отыр­­­­ғандығын жеткізді. Осы мақсатта Жоғарғы Сот халық­аралық срапшыларға жүгін­ді, олар өз кезегінде ABA ROLI бағ­дарламасы бойынша Қазақ­­станның медиация туралы қолданыстағы заңнама­сы, республикадағы аталған институттың даму динамикасы, Еуропалық одақ елдерін­дегі медиацияны қолданудың сәтті модельдерінің түрлі тәсілдері мен тетіктері туралы  сараптамалық қорытынды әзірледі. Жүргізілген талдау шеңберінде медиация және дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.
Қазақстан Республика­сының «Медиация туралы» Заңына осы бағы­т­тағы нор­мативтік құқықтық рет­теу­дің озық халықаралық тұрғысынан талдау жүргізіл­ді. Талдау есебінде, сарап­шы­лардың пікірінше, түйткіл­ді, толық емес, халықаралық стан­дарттарға сәйкеспейтін, жет­кілікті үйлеспейтін отан­­дық нормалар қарастырылды. Мәселен, сарапшылар атал­ған заңның 1-бабының 1-тарма­ғы қылмыстық істер бойын­­ша медиацияны сот талқы­лауы барысында ғана жүргізуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сарапшылар заңның 1-бабының 2-тармағында көзделген «медиатор» ұғымын жетілдіру жөнінде ұсыныс білдірді. Себебі, медиация жүргізу жөнінде ұсыныс алған кез келген үшінші тұлға медиа­тор бола алатындай құқық­тық мүмкіндік берілуі керек. Сарапшылар 5-баптың 1-тармағында көзделген ерікті­лік қағидатын жұмсарту қажет, сонда бұл норма медиацияның міндетті немесе квази-міндетті (тараптар бас тарту құқығына ие болуы көзделген жағдайда) қолдануға мүмкіндік береді деп есептейді. 
Кездесуде сөйлеген сөзін­де халықаралық сарапшы, Словенияның бұрынғы Әді­лет министрі, Дауларды реттеу жөніндегі еуропалық орта­лықтың президенті (ECDR) Алеш Залар респуб­ликада медиация заң шығарушы­­лық органдар, кәсіби маман­дар және жалпы жұртшылық тара­пынан тиісті қолдауға ие бола алмағандығын айтты. Қазақ­станда медиацияны дамы­тудың әлеуеті зор екен­дігін айта келе, А.Залар сот медиациясының қолданыстағы бағдарламаларын жақсар­ту үшін белгілі бір түзету­лер енгізу немесе медиация дауды шешу үшін тараптарға неғұрлым тиімді таңдау бола алатындай жаңа бағдарламалар қабылдау қажеттігін алға тартты.  
Кездесу соңында А.Қыдыр­баева ABA ROLI сарап­шы­ларының маңызды жұ­мысы­на алғыс білдіріп, дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту бойынша олардың берген талдамалық ұсыным­дары жан-жақты зерделенетінді­гін атап өтті. 

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан»