ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017

Цзянсу: шығыс сәулесі

141 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу провинциясының апталығы ашылды. Цзянсу провинциясы Қытайдың шығыс өңірінің орталығында орналасқан әсем де бай өңірлердің бірі. Мұнда 80 миллионнан астам адам тұрады.

Цзянсу: шығыс сәулесі

ЭКСПО көрмесі аясында өткен Цзянсу провинциясы апталығының ашылу күнінде Қазақстан мен Цзянсу өңірі бизнес-қоғамдастықтары өкіл­дерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай бизнес форумы болып өтті. Форум жұмысына 200-ден астам делегат қатысты. Оның ішінде Цзянсу провин­циясының вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин, ҚХР-дың Қазақ­стандағы елшісі Чжан Ханхуэя бастаған қытай­лық іскер және саяси топтар­дың өкілдері бар. Цзян­су про­вин­циясы ҚХР-дағы эконо­микалық және әлеу­меттік даму жағынан алдыңғы қатар­дан көрініп келе жатқан өңір­лердің бірі. 2016 жылы про­винцияның ІЖӨ көлемі 7 608,6 миллиард юаньды құрады. Экономика көлемі жағынан провинция елдегі екінші орынды тұрақты иеленіп келеді. Жан басына шақ­қан­дағы ІЖӨ көлемі 95 259 юаньға жетіп, бұрнағы жылдармен салыстырғанда 7,5 пайызға артты. Бұл про­вин­ция ҚХР-дың «Бір бел­деу – бір жол» жобасына бел­сенді түрде қатысып, көне Жібек жолында орналасқан елдерге инвестиция салуда алдыңғы қатардан көрінуде. 2016 жылы провинция Жібек жолы бойында орналасқан 64 елдің 54 еліне инвестиция салды. Олардың қатарында Индо­незия, Сингапур, Кам­боджа, Таиланд және Пәкіс­тан бар. Провинция салған жалпы инвестиция көлемі 5,7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. 
Жаңғыр­малы энер­гети­каны дамыту сала­сында Цзянсу провинциясы ел көле­мі бойынша көш бастап келеді. Мұнда күн, жел және су энер­гетикасын дамыту мақ­сатын­да жүйелі де көлем­ді жо­ба­лар іс жүзіне асы­рылуда. ЭКСПО-2017 көр­месі аясында өткен бизнес-форум барысында жаңғырмалы энергетиканы одан әрі дамыту мәселелері жан-жақты сөз болды. Форум жұмысында сөз сөйлеген Цзянсу вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин қытайлық «Бір белдеу – бір жол» страте­гия­сы мен қазақстандық «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы идея­ларының сер­пін­ді д­а­муы­­на Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ба-л­а­­­­­м­асыз алаң болып отыр­ған­­­дығын атап көрсетті. Өз кезегінде осы форумды ұйым­­дастырушылардың бірі, Қа­зақ­­стан Инвестиция­лық ын­ты­­мақтастық агенттігі­нің бас директоры Айдын Байеділов және Қазақстан Пар­­ла­менті Мәжілісінің депу­та­ты Бақтияр Мәкен екі ел кәсіп­кер­лерінің арасындағы осы ынтымақтастық байла­ныстың экономикаға үлкен тиімділік әкелетіндігін тілге тиек етті. 
Қытай павильонындағы Цзянсу провинциясы апта­лы­ғының ашылуына бай­ланысты өткен салтанатты жиын сол өңірден арнайы келген өнер шеберлерінің концертіне ұласты. 
 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 
Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»
 

Соңғы жаңалықтар