Футбол • 20 Маусым, 2017

«Астана» Еуро-2016 қатысушысын қатарына қосты

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Астана» футбол клубы Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерді жалға алғанын ресми түрде хабарлады.

«Астана» Еуро-2016 қатысушысын қатарына қосты

23 жастағы ойыншы осыған дейін Венгрияның «Академия Пушкаша», «Видеотон» және «Ференцварош», Германияның «Вердер» және «Дармштадт 98» командаларында өнер көрсеткен.

 «Астана» командасы Кляйнхайслерді немістің «Вердер» командасынан бір жылға жалға алды.

Ласло өз кезегінде Венгрия жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған. Ал Венгрия Ұлттық құрамасы сапында Кляйнхайслер 13 ойынға қатысты. Соңғы екі ойынын 2016 жылғы Францияда өткен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өткізген.