Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Электрондық үкіметті қолданушылар саны 6 млн-нан асты
Бүгін Астанада халықпен есептік кездесуінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша Министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Қазақстан – жаһандық саяси үдерістердің мейнстримі
Қазақстан озық технологиялармен астасқан ортақ коммуникацияларды қалыптастыру арқылы жер жүзіне өзін жарқын көрсеткіштерімен таныта білді. Әлем біздің бүгінге дейінгі жетістіктерімізді және жаһандық даму үдерісіне қосқан үлесімізді мойындайды.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Демалыс күндері Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
24-25 маусым күндері Астанаға Атырау, Қостанай, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін алып келеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Оңтүстік Қазақстан бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары ең көп тіркелген аймақтардың бірі. Олардың кейбірі республикалық деп тіркеліп, куәлік алғанмен, бүкіл Қазақстанға тарамайтындары да бар. Осыған қатысты Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев xалыққа есеп беру кезінде тиісті міндеттерін орындамай отырған мекемелерге шара қолданылатынын мәлемдеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Дәурен Абаев: Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығы 76 %-ға жетті
Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығы 2013 жылмен салыстырған 13 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрінің халықпен есептік кездесуінде Дәурен Абаев мәлімдеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Алдағы 3 жылда 5 млн адам сапалы интернетке қол жеткізеді - Абаев
Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықпен есептік кездесу өткізуде.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
БҚО-да Ақбөкен аулаған қылмыстық топ қолға түсті
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауылында дүйсенбі күні құқық қызметкерлері бірнеше үйге тінту жүргізіп, екі адамды тұтқындаған. Бұл жайында БҚО Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Махамбет Темірбаев мәлімдеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Дәурен Абаев: Журналистерге үй беру мәселесінде қолымыздан келгенін істейміз
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халықпен кездесуі барысында журналистердің әлеуметтік мәртебесі туралы бірнеше сұрақ қойылды.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Қазақстанда халықтың 77 %-ы цифрлық эфирмен қамтылды - Абаев
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
"Зерде-керамика" жылына 4,5 млн шаршы метр керамогранит шығармақ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны енді өнімнің санын анағұрлым арттырмақ, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Елордада Астана туралы ең үздік материал байқауы жарияланды
Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Астана туралы үздік материал байқауын келесі номинациялар бойынша жариялайды: БАҚ баспасөздегі үздік мақала, телеарнаның үздік сюжеті және интернет ресурстағы үздік материал.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Студенттер қатары Өзбекстан қазақтарымен толығады
Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарының Өзбекстан еліндегі танымалдылығы арта бастады деуге болады. Бұған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйытқы болуымен 22-23 мамыр күндері Ташкент қаласында ұйымдастырылған Қазақстанның білім беру күндері шарасы ықпалын тигізуде.
Атамыз қазақ «Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт» деп бекер айтпаған екен. Қазақ ұлты өткен ғасырларда талай жұтты бастан кешірді. Демограф ғалым Мақаш Тәтімов 1994 жылы жарық көрген «Демографиялық кескін» атты жазбасында: әрқилы саяси-экономикалық қыспақтың кесірінен – өлгені бар, шекарадан тыс жерге босып кеткені бар, соңғы үш ғасырда қазақ халқының 6 млн 600 мың адамға кемігені жайлы деректі көлденең тартады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Сыр өңірінде ЭКСПО-2017 аясында этноауыл ашылды
20 маусымда Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Этноауылдың салтанатты ашылуы өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және бірақатар мәртебелі меймандар қатысып, Қорқыт Ата мемориалдық кешенін және суретшілер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, этноауылда жағалай тігілген киіз үйлерді аралап, ондағы қолөнер бұйымдарын көріп, түрлі ұлттық ойындар мен жыршы-термешілердің өнерлерін тамашалады.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың ұлттық болмысы, рухани қазынасы бөліп-жаруға келмейтін ортақ байлығымыз екенін осы жолғы сапарымызда анық байқадық.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
«Скандинавия жолбарысының» секірісі
Еуроодақ мемлекеттерін тұралатқан қаржы-экономикалық дағдарыстың алғаш Грекия және Португалия сияқты мемлекеттерден бастау алғаны белгілі. Тіпті халықаралық сарапшылар Грекияға «Еуропадағы экономикалық дағдарыстың жүрегі» деген айдар тағып, еуроаймақтың болашағына үлкен күмәнмен қарай бастаған еді.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Таразда алаштануға арналған тың ғылыми еңбектер жарық көрді
Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Атаулы дата қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Алаш және ұлт қайраткерлері», «Алаш және ұлт әдебиеті» атты кітаптар жарық көрді.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
алматылық 168 отбасы баспаналы болды
Биылғы жаз бірқатар алматылық үшін табысты болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрған 168 отбасы Атлеттер ауылында салынған су жаңа баспананың иесі атанды.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Ембіде жаңа қондырғы іске қосылды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Атырау облысындағы еншілес кәсіпорны – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Прорва кен алаңында ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосты. Тұсаукесер шарасына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
«Саламатты болашақ» балалар сурет байқауы аяқталды
ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астанада бастау алған балалар суреті байқауы өз мәресіне жетті. Өнер бәйгесіне елорданың үш балалар мекемесінен 29 тәрбиеленуші қатысты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Қостанайда мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Қостанайда төл мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді. Облыстық филармонияда өткен бұл шараға төрт жүзден артық мемлекеттік қызметшілер қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтап, облыстағы жергілікті атқару және өкілетті органдар қызметшілерінің жеткен жетістігін айтып өтті.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Мадиярлар атажұртқа ат басын бұрды
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында елордаға ат басын бұрған венгриялық мадияр бауырлар өздерімен бірге байырғы көшпенділердің ұлы даладағы рухын да ала келіпті.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі кішкентай ғана Құран кітапша көпшіліктің назарын бірден өзіне аударады. Бір қарағанда, көзге көп түсе қоймайтын қасиетті кітапша музей қорындағы құнды жәдігерлердің бірінен саналады. Мұнда келушілер де осы бір құндылыққа ерекше назар аударады екен.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Күн ысығанда таулы аймақтардағы табиғат аясына көкке шығатындар саны көбейеді. Мамандар нақ осы кезде кенелердің көптеп таралатынын алға тартып, тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Жаз шықса-ақ су жағалап, тау сағалап кететін демалысшыл, думаншыл елдің, бәрінен бұрын, қауіпсіздігі маңызды. Мамыр айының басында күннің сәл жылт еткен жадыраңқы қабағына алданып, Қапшағайдың жағасына рұқсатсыз шығып кеткендерді де көргенбіз. Мықтап ұғынған жөн: сауатты демала білген де өнер.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Діни ахуалды тұрақтандыру үшін...
Қай өңірде болсын діни ахуал күрделеніп, ширығып кетсе, оның аяғы жақсылыққа апарып соқтыра қоймайды. Сондықтан да бұл мәселе жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары мен қалың жұртшылықтың, дін істерімен айналысатын мемлекеттік мекемелердің ұдайы назарында болуға тиіс. Теріс діни ағымның жетегінде кетіп адасып жүргендер де аз емес. Олардың бетін әрі емес, бері қайтару ісі де қоғам мүшелерінің ортақ парызы. Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң демей ме мұндайда дана халқымыз.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Ел сенімінен шығу – басты міндет
Елбасымыздың 100 нақты қадамындағы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру тапсырмасын жүзеге асыру әр мемлекеттік қызметшіден бастау алуы тиіс. Ал мемлекеттік аппараттағы жоғары кәсіби мамандар еліміздің өркендеуіне апаратыны сөзсіз.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы осы елдің Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігі.
"Қазақ халқының қырық ғасырлық тарихы бар"
Ұлттық музейдің Физикалық антропология лабораториясының меңгерушісі Оразақ Смағұловпен сұхбат.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Алматыға келіңіз, жаяу жүреміз!..
Қала әкімі жаяу жүргіншілерге арнап 16 жол сыйламақ ниет танытты