Әлем • 20 Маусым, 2017

Шенген визасына өзгерістер енгізілді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЕО ішкі істер кеңесі сейсенбі күні Шенген визасын қолдан жасауға жол бермеу мақсатында оның визалық жапсырмасының дизайнын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Шенген визасына өзгерістер енгізілді

«20 жылдан бері айналымда жүрген қазіргі визалық жапсырма қолдан жасау мен алаяқтыққа байланысты оқиғаларға тап болды», - делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында.

Жаңа ережені Еуропарламент мақұлдап, ЕО Кеңесі шілде айының басында қол қояды деп күтілуде. Кейін ЕО-ның ресми журналында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар