Президент • 20 Маусым, 2017

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директорын қабылдады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эванспен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директорын қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет ұсынылып, холдингті трансформациялау барысы туралы есеп берілді.

Тараптар акционерлік қоғамды одан әрі дамыту перспективалары мен оның тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ричард Эванс Қазақстанның көлік-логистика саласының өзекті мәселелерін және Астананың өңірлік көліктік хаб ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін талқылады.

Еліміздің экономикалық даму үдерісіндегі өскелең ұрпақтың рөлін арттыру мәселелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар