Аймақтар • 20 Маусым, 2017

Атыраулықтар ағылшын тілін тегін үйренеді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жобаны «Білім орда Болашақ» қоғамдық қоры «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының демеушілігімен қолға алған.

Атыраулықтар ағылшын тілін тегін үйренеді

Енді 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны тегін оқыту курстарына тіркеле алады. Жоба ұйымдастырушысы Марта Хайдарованың айтуынша, бүгінге дейін 300-ден астам адам курсқа қатысқан. Олардың 80 пайызы – жұмыссыздар.

«Алғашында қалалық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды оқыта бастадық. Бірақ кейін тіркелмеген, уақытша жұмыссыз тұрғындар да хабарласқасын, жалпыға ортақ курстар ашқанды жөн көрдік. Биыл жыл бойына бір мыңға жуық адамға ағылшын тілін үйреткіміз келеді», - дейді Марта Хайдарова.

Курс төрт айға жоспарланған. Осы уақыт ішінде қатысушылар әріптен бастап ауызекі тілде еркін сөйлеуді меңгереді. Ал оларға облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің тәжірибелі оқытушылары дәріс береді.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»