
– Заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азаматтардың смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы ортағасырлық тарихқа саяхат жасауына мүмкіндік туғызды. Бұл іс-шара арқылы зағип жандар кітаптан оқып, құлақпен естіген мәліметін қолымен ұстап сезінді. Осылайша, олар мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан Тараздың тарихымен танысып отыр, – дейді кітапхана директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева.
Кітапхана басшыларының айтуынша, алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара барысында QR-код арқылы 30 жәдігер қойылса, алдағы уақытта тас дәуірі жәдігерлерінен қазіргі заман тарихына дейін қамтып, аталған жоба арқылы сурет әлемі мен ұлттық қолөнеріміздің қыр-сырын таныстыру секілді бағытар да қарастырылмақ.
«Тифломузей жобасы» аясында қолға алынған тарихи-танымдық іс-шараға белсене қатысқан азаматтар жобаның өздерін қызықтырғанын тілге тиек етті. «Еліміздің қай қиырын алып қарасақ та, тарихы терең екеніне күмәніміз жоқ. Оның ішінде Жамбыл облысының, Тараз қаласының орны бөлек екені рас. Екі мың жылдан аса тарихы бар Тараздағы әрбір жәдігердің уақытында қалай жасалғаны біз үшін қызық. Сондықтан да мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса екен», дейді олар.
ТАРАЗ