Ғалам ғажаптары • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегиялық ғалымдар сайлау кезін­де адамдардың дауысын ешкім бұзып, өзгерте алмайтындай етіп сақтайтын ерекше жүйе ойлап тапты.

Онлайн сайлау жүйесі

Норвегия ғалымдары сайлаудың әділ өтуіне қазірден қамдануды қолға алған. Олар жасаған жүйені болашақта өте қуатты кванттық компьютерлер де бұза алмайды. Себебі ол адамның дауысын құпия сақтайды. Ал сайлау нәтижесін нақты және тексеруге ыңғайлы етіп жасайды. Жүйе үнемі деректерді араластырып, күшті қорғаныс орнатады, деректерді күрделі кодтармен шифрлайды.