Исатай ауданының Х.Ерғалиев ауылында тұрамын. Биыл «Жайықмұнайгаз» басқармасында жұмыс істегеніме 40 жыл толды. Осы кезеңде мұнай-газ өндіруші оператор ретінде мол тәжірибе жинадым. Бастапқыда білікті мұнайшылардың тағылымға толы кеңесін тыңдадым, өнегелі ісінен үлгі алдым. Ел экономикасының жетекші саласында жұмыс істеудің өзіндік қиындығы бар. Жер астындағы табиғи байлықтың үздіксіз өндірілуін, топыраққа төгілмеуін ұдайы қадағалау қажет. Бұл – біздің күнделікті атқаратын міндетіміз.
Кейінгі жылдары қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылып келеді. Бүгінгі жұмысшылардың мемлекеттік наградалармен марапатталып, абыройының асқақтағаны жастардың еңбек етуге қызығушылығы мен құлшынысын оятады.
Атырау облысы