Марапат • Кеше

Мемлекеттік наградалар тапсырды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мен шығармашылық қауым өкілдері еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне, шығармашылық қауым өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Мемлекеттік наградалар тапсырды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

ІI дәрежелі «Барыс» ор­денімен Ұлттық құрылтайдың мүшесі, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, ІII дәрежелі «Барыс» орденімен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры­­ның актрисасы Лейло Бек­назар марапатталды.

«Парасат» ордені актер, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Бекжан Тұрысқа, Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақтар федерациясы­ның төр­ағасы Сатыбалды Дәу­лета­лин­ге, С.Асфендияров атын­­дағы Қазақ ұлттық медицина уни­вер­ситетінің бірінші прорек­торы Диляра Қайдароваға және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Берік Айтжановқа тапсырылды.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев, «Ахыска» түрік этно­мәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Аскер Пириев, Н.Сац атындағы орыс мемле­кеттік академиялық балалар мен жас­өс­пірімдер театры­ның дирек­торы Ирина Симонова, жазушы, журналист-публи­цист Сәкен Сыбанбай «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазыбек Дәуітәлиев, «Әділ сөз» сөз бос­тан­дығын қорғау халықара­лық қорының президенті Қарлы­ғаш Жаманқұлова, Apple Inc компаниясының Орталық Азия мен Армениядағы саясат және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімінің басшысы Әділхан Қопабаев, Еуразия технологиялық университетінің ректоры Айжан Темірбаева, білім саласы жөніндегі сарапшы Әнуар Оңайбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ақын Серікзат Дүйсенғазы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Бауыржан Өтеуілиев, жыршы, күйші Берік Жүсіпов, дәстүрлі әнші Толғанбай Сембаев, кинопродюсер Құралай Анарбекова, ком­позитор Қайрат Баекенов «Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Ерлан Қарин марапат иелерін Республика күнімен құттық­тап, мемлекеттік награда­лар ел азаматтарының еңбектегі зор жетістіктеріне мемлекет пен қоғам тарапынан берілген биік баға екенін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше