Аймақтар • Кеше
Таразды гүлдендірген «Жасыл ел»
Таң бозынан тіршілік қамытын мойнына ілген кейуананың үстіндегі арнайы киімнен-ақ оның қала тазалығының сақшысы екенін аңғару қиын емес.
Қоғам • 16 Маусым, 2026
Отбасы банк сыйлаған баспана бақыты
Жамбыл облысында тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды. Жалдамалы пәтер кілтін алған жаңа қоныс иелеріне болашақта тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Отбасы банктің қолдауымен қоныстойын тойлаған тұрғындарға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова пәтер кілттерін табыстап, қуаныштарымен бөлісті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2026
Тасын түртсең, тарихы сайрап қоя беретін Жуалы ауданына қарасты Бұрхансай шатқалынан мыңнан аса таңба табылды. Ғалымдардың айтуынша, қола дәуірі мен түркі кезеңінен сыр шертетін бұл тастардың Бұрхансай мен кіші Қаратау жотасынан табылуы – үлкен олжа. Ал жартастағы таңбалардың тарихы тым тереңде жатса керек.
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Тараз қаласында көкөніс қоймасы іске қосылды
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар ешқашан толастаған емес. Әсіресе ел билігі көкөніс қоймаларының тапшылығын жою міндетін жүктегелі бері өңірлерде жұмыс қыза түсті. Бұл бағытта Жамбыл өңірінде де ауқымды шаруалар атқарылып жатыр. Облыс орталығы Тараз қаласында салынған үлкен қойма – соның дәлелі.
Аймақтар • 03 Маусым, 2026
Күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
Ұзақ жылдан бері Жамбыл өңірі химия өнеркәсібінің локомотиві екенін дүйім жұрт жақсы біледі. Әуелде фосфор өндірумен аты әлемге танылған облыста кейінгі жылдары көптеген жаңа кәсіпорындар мен зауыттар салынып жатыр. Солардың бірі – ресейлік «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС-не қарасты күкірт қышқылы зауыты. Облыс аумағында бұған дейін химия саласы бойынша 44 орта және ірі кәсіпорын жұмыс атқарыпты. Ал жаңадан ашылған кәсіпорын 45-зауыт ретінде тіркеліп отыр. 170 млн доллар инвестиция құйылған өндіріс ошағы бірер күн бұрын жұмысты бастап кетті.
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Қант қызылшасы өндірісінде Жамбыл облысы еліміздегі көшбасшы өңір санатына жатады. Мұнымен, әрине, мақтануға болады. Алайда кейінгі жылдардағы шаруалардың дабыл қағуы, өнім қабылдауға келгенде қант зауытының әлеуеті жетпей қалуы секілді мәселелер кімді де болса толғандырмай қоймаса керек.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр
Жамбылдықтар кейінгі уақытта жасөпірімдер арасындағы трагедияға қатты алаңдайтын болды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құқық қорғау органдары жұмылған жұдырықтай бірлесе іске кіріссе де, араға айлар салып, жасөспірімдер арасында қайғылы оқиғаның тіркелуі тоқтамай тұр.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?
Жарты мыңнан астам жамбылдық омарташының 200-ге жуығы сүйікті кәсібінен бас тартуға мәжбүр болып отыр. Олар субсидия сергелдеңінен зәрезап болғандықтан, сондай қадамға барған, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 17 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жалпыұлттық сипат алған науқанға барлық сала өкілдері мен қала, аудан, ауыл халқы атсалысып отыр. Облыс орталығы Тараз қаласын абаттандыру да жүйелі іске асып келеді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қара жол қателікті кешірмейтіні баршаға мәлім. Түн ауса, қала көшелерінде көлікпен құстай заулайтын «шумахарлердің» желпініп жарысқа түскенін талай көрдік. Жылдамдықты шектен тыс асырудың салдарынан қанша адам бақилық болды? Облыстық полиция департаментінің басшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біраз шараны қолға алып, жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, жол үстідегі жүгенсіздік азаяр емес.