Білім • Кеше
Таразда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып түлектері жасанды интеллект бағыты бойынша өткен халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. «Fizmat Al Olympiad» додасында топқа түскен жас таланттар үшінші тұғырға табан тіреді. Нұрасыл Серіков, Улугбек Османов, Исламнур Хусаинов бастаған оқушылар тынымсыз ізденістің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Өндіріс • Кеше
Заманауи әйнек өндіретін зауыт
Елімізде шыны өнеркәсібін дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Құрылыс қарқыны мен инфрақұрылым жобаларының көбеюі, қайта өңдеу мәдениетінің орнығуы шыныға деген сұранысты өсіріп, осы саланың маңызын айқындай түсті. Кейінгі жылдары ішкі нарықта заманауи әйнек өндіретін өндіріс орындары көптеп ашыла бастады. Сондай бір жоба Әулиеата жерінде қолға алынды.
Ән • 16 Қаңтар, 2026
«Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан...»
Адам жаны тыныштықтан жай табатыны бар. Төңіректе мүлгіген тыныштық орнағанда кісі санасында сан түрлі ой салтанат құрады. Терең ойдың түбін таба алмай тұңғиыққа батасың. Айналаға көз тастап, әудем жерде қанатын сермеп ұшқан құстарға қарайлайсың. Тіршілік қамытын олар да мойнына іліп алғандай көрінеді. Жанұшыра ұшқан құстардың даусы да, тізбегі де керемет көріністі көз алдыңа әкеледі. Көкжиек төсін шарлай ұшқан олардың әрбір қимылы сан түрлі суретке толы ма деп топшылайсың.
Руханият • 07 Қаңтар, 2026
Өлең өлкесінде өзіне тән өрнек салған әр ақынның қилы-қилы тағдыры бар. Тәңір тарту еткен талантымен дараланған ақындардың біразының талқаны ерте таусылған. Әрине, әркімнің өз әлемі, өз әуені мен өз мұңы болатыны ақиқат. Кез келген мықты ақынның ойды образға орап беретін шұрайлы шумақтары жан тебірентпей қоймайды.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы мен айтыскер ақындар, жыршы-термешілер одағының ұйымдастыруымен жас ақын Санжар Қанатбектің «Жарық дүние» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті. Жас таланттың шығармашылығын жергілікті оқырмандар арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен іс-шарада ақынның жаңа жинағының брайль қарпіндегі нұсқасы мен аудиотаспасы жиналған көпшілікке таныстырылды.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026
Айырқалпақты ағайындармен қоңсы орналасқан Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында ашылған жаңа үйірмеде балалар роботтехниканың қыр-сырына қанығып жүр. Ауыл оқушыларының ғылыми-техникалық танымын дамытуға және жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба өз жемісін беріп отыр. Ал үйірмеге келушілер саны уақыт өткен сайын арта түскен.
Балалар • 31 Желтоқсан, 2025
«Жарқыра, Жаңа жыл!» тақырыбымен өткен шырша тойына Тараз қаласы мен облыс аудандарынан жалпы саны 100 оқушы қатысты. Олардың қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары бар.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады
Жасөспірімдер жүктілігі – қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан, бірақ шешімін таппай тұрған күрделі мәселе. Қанша жерден ескерту жасалып, түсіндіру жұмысы жүргізілгенімен, бұл түйткілдің тамырына балта шабылар түрі көрінбейді. Жасөспірімдердің ерте жүктілігі туралы деректер жиілеп, әсіресе қазақы дәстүрге берік саналатын оңтүстік өңірлердің өзінде өкінішті жағдай азаймай тұр.
Президент • 26 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Президент бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездесті.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қолда барда қоныштан басып, ұлан-ғайыр алқапты уысында ұстағандар халықтың қазынасына телінген қара жерді ұзақ жыл бойы игеруге икемі келмегені мәлім. «Елге де жоқ, өзіме де жоқ» деп мыңдаған гектар алқапты ондаған жыл бедерінде босқа ұстап отырғандардың дәурені өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жұмыс істеген комиссия мемлекет мүддесі үшін талай жерді кері қайтарып алды. Бұл жұмыс еліміздің қай қиырында болсын тоқтаусыз жүргізіліп жатқаны даусыз.