
Экономика • 25 Ақпан, 2025
Түрік инвесторлары Жамбылға келуге ниетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған топ Түркияның Мерсин провинциясына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Түркия инвестициялық форумына қатысып, түркиялық ірі компаниялармен В2G форматында кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 24 Ақпан, 2025
Жастар саябақтарды қоқыстан тазартты
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Жастардың белсенділік танытуымен өңірдің бірқатар аудандарында саябақтар қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Кәсіпкерді ірі айыппұлдан құтқарды
Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік субъектісін террористік тұрғыдан осал нысандардың тізбесіне негізсіз енгізу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Бауырлас елмен экономикалық байланыс нығаяды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған әулиеаталық делегация Түркия Республикасының Мерсин провициясына барып, инвестциялық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Несие • 21 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауда өңірлерде тауарлық несие бағдарламасын енгізуді шегелеп тапсырған еді. Жобаның жемісті болуы үшін сала мамандары жанталаса жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерде мал басын көбейтуді мақсат еткен бағдарламаның шарапатын сезініп жатқан тұрғындар аз емес.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз шаһары үш жыл бұрын Дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енді. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда соңғы жылдары халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Белгілі мамандар сол іс-шарада өзара тәжірибе алмасып жүр.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Бесағаш ауылында спорт кешені пайдалануға берілді
Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, спорт ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
Тараздық қолөнер шеберлері халықаралық көрмеге қатысты
Үш жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген болатын. Ықылым заманнан сауда-саттықтың ордасына айналған шаһардың шеберлеріне соңғы жылдары айрықша қамқорлық көрсетіліп жатыр. Туындылары жаһандық деңгейде мойындалған тараздық қолөнершілер күні кеше Индонезия мемлекетінде өткен «INACRAFT – 2025» халықаралық көрмесіне қатысып қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 14 Ақпан, 2025
Медицина бұйымдарын шығаратын зауыт
Үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс» деген еді. Президент тапсырмасын орындау бағытында Жамбыл өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Медицина • 12 Ақпан, 2025
Нәрестенің өмірін сақтап қалды
Тараз қалалық перинаталдық орталығында дүние дидарын көрген нәрестенің жағдайы мәз емес еді. Жағдайдың ушыққанын түсінген ата-ананың дегбірі қашты. Сәбидің дерті ауыр екенін түсінген дәрігерлер оны едел-жедел реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылдады.