Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
2177 материал табылды

Отбасы • 12 Ақпан, 2025

Алимент өндірудің азабы

Отбасы – адамзат үшін ең басты құндылық. Алайда құрмет пен сыйластық, сенім мен махаббат ғайып бола бастағандықтан ба, шағын мемлекеттің шырқы бұзылатын жағдай азаймай тұр. Ажырасу – қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселе. Бірер жыл бұрын отау құрған жастардың үштен бірі арада аз уақыт өткенде некесін бұзып жататыны туралы деректі оқып, тіксініп қалғанымыз рас.

Жәдігер • 05 Ақпан, 2025

Мөржүзік

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында әр дәуірдің көзіне ай­налған жәдігерлер жеткі­лікті. Олардың бірқатары археоло­гиялық қазба жұмысы кезінде та­былса, ендігі бір бөлігін музейге қала тұрғын­дары арнайы тапсырған. Өлкенің ғана емес, тұтас түркінің тарихынан сыр шер­те­тін құндылықтар қай кезде де жергілікті тұр­ғындарды бейжай қалдырған емес.

Өндіріс • 04 Ақпан, 2025

Сапалы сусынға сұраныс жоғары

Жамбыл облысында кейінгі жылдары әлеует­ті ин­весторлар тар­ту арқы­л­ы өндіріс ошақ­тарын көбейтуге басымдық бе­рі­ліп отыр. Жергілікті атқа­рушы билік өкілде­рі шетелдік және отан­дық инвестор­ларға қол­дан келгенше қол­дау көр­сетеді. Жыл басы­нан бері өңірде екі зауыт ашыл­ды. Мамыр айында «Та­раз» индустриялық айма­ғында метал­лургиялық кәсіпорын іске қосылмақ.

Медицина • 04 Ақпан, 2025

Мәміле де, мәселе де бар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев: «Мін­детті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесін рефор­­малауды жалғастыру керек. Соны­мен қатар бірқатар заң­на­малық шара қабылдау қажет. Үкімет Парла­мент­пен бірге мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін же­тіл­­діру туралы заң жобасын жедел пысықтауы керек. Құ­жат­ осы сессияның соңы­на дейін қабылдануға тиіс», деп атап көр­сетті.

Баға • 28 Қаңтар, 2025

Таразда да картоп бағасы қымбат

Бірнеше күн бұрын еліміздің өзге өңірлері секілді Жамбыл облысында да картоп бағасы қымбаттап кетті. Жұрт күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктің бірі болғандықтан, жергілікті халық бағаның аспандап кеткеніне налығаны анық. Ел көкейіндегі түйткілді шешудің маңызын түсінген жергілікті атқарушы билік бірден іске кірісіп, картоп бағасының төмен­деуіне ықпал етті.

Байқау • 23 Қаңтар, 2025

«Ой шебері» зерделіні анықтайды

Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев 2025 жылы Жамбыл облысында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы жүзеге асырылатынын хабарлап, оған өңірдің барлық санатындағы азаматы үлес қосатынын жеткізген еді. Жоба аясындағы іс-шаралар жыл­ бас­талған сәттен-ақ қол­ға алын­ғаны көңіл қуантып отыр.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Жамбылдағы жаңа зауыт

Жыл жылыстаған сайын су көздерін тиімді пайдаланудың маңызы арта түседі. Әсіресе оңтүстік өңірлер жаздың аптап ыстығында ағын судың тапшылығын айқын сезінеді. Трансшекаралық өзендерге телмірген аймақтар үшін қол қусырып қарап отыратын уақыт өтіп кетті. Жаңа технологияға, дұрысы тамшылатып суару әдісіне көшетін кез әбден жетті.

Спорт • 22 Қаңтар, 2025

Үздік спорттық өңір

Қасиет дарып, құт қонған Әулиеата топырағынан талай мықты спортшы түлеп ұшқан. Бір ғана Тұрар Рысқұлов ауданында дүние дидарын көрген саңлақтар жеті бірдей Олимпиада жүлдесін қоржынға түсірген. Олимпиаданың екі алтыны, екі күмісі, үш қола жүлдесін иеленген мұндай аудан еліміздің ешбір өңірінде жоқ. Құлан өңірінде туған боксшы Ермахан Ыбырайымов, еркін күрес шеберлері Ислам Байрамуков пен Ақжүрек Таңатаров, дзюдошы Елдос Сметов ел тарихына, спорт шежіресіне есімдерін алтын әріптермен жазды.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2025

Жамбыл облысында минералды су шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Рахым Сәбденов ауылында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

Жамбыл облысында 11 мектеп сынақтан өте алмаған

Білім саласына мемлекет тарапынан да, жергілікті атқарушы биліктен де айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Нәти­жесінде, өткен жылы өңірде бірнеше «Жайлы мектеп» пайда­ла­нуға берілді. Ұлттық жоба аясында ашылған жаңа білім ұяларына жа­салған жағдайға көңіл толады.