Есірткі • 09 Желтоқсан, 2025

Марихуана жинаған тұрғын ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 шақырым қашықтықта Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинап жүрген жерінен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марихуана жинаған тұрғын ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеу барысында ер адамның жанынан орақ және алдын ала жинап қойған жалпы салмағы 15 келіден астам марихуана табылды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы 11 айда есірткіге қатысты 500 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 9 тонна 221 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 9 килограмм синтетикалық есірткінің жолы кесілді.

«Шу алқабынан» республиканың басқа аймақтарына жіберілмек болған 18 есірткі каналының жолы жабылды. 2 қылмыстық топ анықталып, 1 есірткі лабораториясы жойылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар