Әскер • Кеше

Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.

Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды

Аз уақыттан кейін телефонға қоңырау түскен. Қоңырау соғушы – ұялы телефонын жоғалтып алған жас тұрғын екен. Жоғалған затын іздеп келген бозбаланың шынымен де телефон иесі екеніне көз жеткізгеннен кейін, әскери жасақ оны учаскелік полиция пунктіне жеткізіп, қажетті құжаттарды ресми түрде рәсімдеп, телефонды иесіне қайтарды. Әскери жасақ құрамында топ бастығы қатардағы Вячеслав Ким және патрульдеуші сарбаз қатардағы Александр Остапенко болды. Топ жетекшісі өздеріне жүктелген міндеттің маңызын атап өтті.

– Ұлттық ұлан сарбазы үшін ең бастысы – тәртіп пен адалдық. Біз табылған затты иесіне қайтару арқылы өзіміздің азамат алдындағы жауапкершілігімізді көрсеттік. Біз қызметте өте қырағы әрі адал болуымыз керек, – деді қатардағы Вячеслав Ким.

Телефон иесі ұландық сарбаздарға шынайы алғысын білдіріп, олардың адал қызметіне ризашылығын жеткізді.

Қырағылық пен әділдік – Ұлттық ұлан жауынгерінің басты қаруы. Мұндай игі істер әскери қызметшілердің ел алдындағы адал міндетін тағы бір дәлелдей түсті.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025