24 Мамыр, 2011

Өнеркәсіптік өңірді өрге бастыру үшін

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жезқазған өнер­кә­сіп­тік өңірін дамыту перспективалары жөнінде кеңес өткізді, деп ха­бар­лады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қарағанды облысының әкімі С.Ахметов өңірдегі ағымдағы жағдай және даму перспек­ти­валары туралы баяндама жасады. Оны талқылауға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетов, Білім және ғылым, Ден­сау­лық сақтау, Көлік және коммуникация министрлері, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруа­шы­лы­ғы, Қаржы вице-министрлері, сол сияқты «Қазақмыс» корпора­циясы» ЖШС басқарма төр­ағасы Э.Огай қатысты. Кеңесте Жезқазған өңірінің минералды-шикізат базасын, кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия өндірісін одан әрі дамыту, сондай-ақ мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды және көлік инфра­құ­рылымын, әлеуметтік саланы, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықты жаңғырту жобаларын дамыту қажеттігі атап өтілді. Кеңес қорытындысында К.Мә­сімов Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетов басқаратын, мүдделі министрліктер мен ведомстволар бас­шы­лары, Қарағанды облысы әкімдігі және даму институттары басшыларынан құрылған арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Аталмыш топ бір ай ішінде кеңесте қаралған мәселелерді ой елегінен өткізіп, олар бойынша ұсыныстар түсіруі тиіс.
Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше