Экономика • Бүгін, 17:10

Қытайлық компания Қазақстанда қант зауытын салады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шарушылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Хэнань провинциясының жетекші компанияларының бірі – Henan Agriculture Investment Group делегациясымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қытайлық компания Қазақстанда қант зауытын салады

Фото: inbusiness.kz

Henan Agriculture Investment Group -  ауылшаруашылық инвестициялары, қаржыландыру, логистика және астықты терең өңдеуге маманданған компания.
Келіссөздер барысында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен шеңберінде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттары талқыланды.

вв

Соның ішінде, астықты терең өңдеу зауытын салу, жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіретін қант зауытын іске қосу, сондай-ақ құс фабрикасын ашу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Вице-министрдің айтуынша, министрлік маңызды бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге, осы жолда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл және мемлекеттік көмек шараларын ұсынуға дайын.
Одан әрі тараптар әріптестікті тереңдете отырып, аграрлық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесе пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.