Ал келесі туристік маусымда әуе рейстер Катонқарағай, Зайсан және Кендерліге жол ашады. Көлік министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы 24 әлеуметтік маңызы бар әуе бағыты субсидияланады. Негізгі назар туристік бағыттарға аударылады.
Айта кетейік, қазақстандықтар ел ішінде жиі ұша бастады. Өткен жылы 31 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетілді. Оның 22 миллионы жергілікті бағыттарда.
«Егер Үшарал, Үржар және Балқаш бағыттары туралы айтатын болсақ, 1 маусымнан бастап Астана мен Алматыдан рейстер орындалады. Билеттердің құны 16-дан 20 мың теңге аралығында болады. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар субсидияланады. Оған мысалы, Түркістан, Көкшетау, Қарағанды және басқа қалалардың бағыттары еніп отыр. Бағасы бекітілген. Максималды құны - 16-дан 30 мың теңгеге дейін», - дейді ҚР МТ азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов.