Экономика • Кеше

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ерсаев Қазақстанда БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

Өсім салымшының жасына байланысты 79%-ға дейін болуы мүмкін. Биліктің жаңа есептеулері мен формулалары осы айда ресми түрде жариялауға уәде етілді. Демек, қатаңдатылған жаңа ережелерге байланысты қазақстандықтарға зейнетақыдан артық ақша шығару қиынға соғады.

Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесіндегі бұл шешімді ең алдымен қартайған шақта жиналған қаражаттың дұрыс жұмыс істеуі үшін керек деп түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, соңғы бес жылда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан шамамен 5,7 трлн теңге шығарған. Осы ақшаның басам бөлігі кредиттерді жабуға жұмсалған.  

Министр ақшаны алуға толық тыйым салынбайтынын атап өтті. Қазақстандықтар әлі де жинақтағы ақшасының тиісті шегінен асқанын пайдалана алады. Алайда билік оның мөлшерін қысқартуды ойластырып отыр.

БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау ережелері өзгерген болатын. Енді зейнеткерлікке шыққан азаматтарға өтініш берудің және Қордың бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Барлық рәсімдер автоматты түрде орындалады.

Соңғы жаңалықтар