
Фото: world-nan.kz
2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық тасымалданып, көрсеткіш 45%-ға өскен.
Оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа және 3 млн тонна республика бойынша жеткізілген. Өнімді алқаптан уақтылы әкету элеваторлар мен жаңа егінді қабылдау үшін қоймаларды босатуға мүмкіндік беріп отыр.
«Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен, азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың нәтижесінде мүмкін болды»,
деді Нұрлан Сауранбаев.
Нұрлан Сауранбаев келтірген дерек бойынша, қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. Мысалы, астық таситын вагондар 16,3 мыңға және ұн тасуға арналған жабық вагондар саны 16, 5 мыңға жетті. Және ұлттық операторда 1,7 мың локомотив бар.
Сонымен қатар министр мемлекет аралық пунктілер астықты жоғары деңгейде тасымалдауға дайын әрі пункттерде пойыздарды өткізу мүмкіндігі жеткілікті екенін атап өтті. Өзбекстан және Орталық Азия бағытында өткізу қабілеті тәулігіне 42 пойызды, ал Қытай бағытына 43 пойызды, Ресей бойынша 85 пойызды құрайды.