Ауа райы • Бүгін, 16:50

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кезең бойы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, ал 4 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Кезең бойы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Күндіз батыста +17...+32°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15...+30°С-қа дейін, солтүстікте +15...+23°С-қа дейін, орталықта +17...+27°С-қа дейін ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Соңғы жаңалықтар